Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 14 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Мәңгілік ел және ұлы дала құндылықтары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты Ұлы Даланың рухани байлығымен халықты қайта қауыштырып, қоғамдық санада сол ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Д.Сәтбай, тарих ғылымдарының кандидаты М.Аңсатова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Б.Ахметбек, «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Т.Медетбаев, «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері Е.Елеуов, қаланың жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысып , Отанын сүю, елін қорғау әр перзенттің бұлжымас міндеті екені айтылып, Сыр елінің керемет жерлері, табиғаты, туған жері, мәдени мұралары, ұлттық құндылықтары жайлы қызықты да әсерлі әңгіме өрбітілді. Шара барысында «Рухани жаңғыру –ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.