KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Өлкетану –Мәңгілік Ел мұрасы» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

     Ә.Тәжібаев   атындағы   облыстық   әмбебап   ғылыми   кітапханасы   2018  жылғы 15 ақпанда А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Өлкетану –Мәңгілік Ел мұрасы» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

     Көрменің мақсаты – аймақтағы киелі орындардың тарихымен таныстыру, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен сақтауға үйрету, оларды насихаттау, әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту, мәдени мұраларға қамқорлық жасау.

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Ұлт тарихы - өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы» деген ұлағатты сөзі өмір-сүріп жатқан өз өлкеңді танып-білу керектігін айтып тұрған бізге бағдаршам іспеттес болуы керек. Қазақ Елінің Ұлы рухын көтеру үшін, оның тарихын білу - бізге парыз.

    Көрме «Туған жер - тұнған тарих», «Алаштың ақмешіті», «Мәдениет – ұлт руханияты», «Қызылорда –жаңа мүмкіндіктер мекені» атты төрт  бөлімнен тұрады. Көрмеде ежелгі Сыр өңірінің  қасиетті киелі орындары, өлкеден шыққан топ бастаған от ауызды, орақ тілді би-шешендер, қол бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыраулар, әулие-әнбиелер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы, әсіресе, түркі әлеміндегі ірі тұлға болып табылатын Қорқыт ата жайлы, өңірдің өткен тарихы  мен  киелі өңірдің көрікті келбеті жайлы кітаптар мен мақалалар  қойылды. Көрмеге жалпы саны 150-ге жуық кітап, мерзімді басылымдардан 20  мақала, 25 фотосуреттер, 45 DVR-W  өлкетану  кітаптары  қойылды.

 
15 ақпан 2018 ж. 16:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x