«Кітап – қымбат қазына» (білім жәрмеңкесі)

2018 жылдың 28 тамыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері  жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернат тәрбиеленушілеріне «Кітап – қымбат қазына» атты білім жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ақылшы дос, білім көзі, рухани  қазына – кітап  әлеміне шолу жасалып, қатысушылар жаңа кітаптармен танысты. Кітаптың шығу тарихы мен оқудың пайдасы, ең алғашқы кітапханалар туралы қызықты деректер жасөспірімдердің қызығушылығын оятты. Танымдық сұрақтарға жауап беріп,  сөзжұмбақ  шешті. Алған білімдерімен бөлісіп, достарын кітап оқуға шақырды.




 
29 тамыз 2018 ж. 11:11
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: