«Қазақстан-балалар көзімен»2018 жылдың 29 тамыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан-балалар көзімен» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Балалар өз жұмыстары арқылы туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін білдірді. Жас суретшілер өркендеген Қазақстан, Елордамыз-Астана, еліміздің табиғаты, ұлттық киімдері мен ою-өрнектері, сонымен бірге халқымыздың музыкалық аспаптары бейнеленген суреттерін көрмеге ұсынды. Сурет көрмесіне кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілері қатысып, барлығы 65 сурет көпшілік назарына ұсынылды. |