Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаяты бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 3 қазан күні республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының таңдауы бойынша Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаяты бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

   Мақсаты: жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын,  рухты көтеретін, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптардың көбірек оқылуына  ықпал  жасау.

    Шара барысында хикаят-монологтың басты кейіпкері Ержанның басынан кешкен қиын тағдыры, өмір мен өлім арасында арпалысқан ойлары негізгі тақырыпқа айналды. Аурухана төсегіне таңылған ер мінезді, жігерлі Ержанның өмірдің құндылығы, қилы тағдырларды суреттеген монолог оқырманын терең ойға батырды.

      Шараға «Болашақ» университеті мен «Ұлағат» көпсалалы колледжі студенттері  және кітапхана оқырмандары  қатысты.





 
03 қазан 2018 ж. 17:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: