«Ұлт рухының символы»

    2018 жылдың 12 қазан  күні сағат 11-00 де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы  мемлекет қайраткері, этнограф, тарихшы Өзбекәлі Жәнібековке  арналған «Ұлт рухының символы» атты көшпелі кітап көрмесін «Өркениет»  медициналық  колледжінде ұйымдастырды.

    Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы 28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Сарықамыс ауылында қарапайым жанұяда дүниеге келіп, еңбекқорлығы мен ізденімпаздығы нәтижесінде жоғары білім алған. Еңбек жолындағы қызметін шәкірт тәрбиелеуден бастап, бойындағы тума талантының арқасында саяси қызметте аудандық комсомол комитетінен Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің Хатшысына дейінгі қызметті атқарған.

    Қазақ халқының асыл қасиеттерін –салт-дәстүрін , мәдениеті мен өнерін қайта тірілтуге бар күш – жігерін , ақыл –парасатын жүмсаған тұлғалардың бірі -  Өзбекәлі Жәнібеков.

    Кітап көрмесіне «Қазақтың ұлттық қол өнері», «Уақыт керуені», «Эхо», «Қазақ киімі», «Ежелгі Отырар» атты кітаптары және мерзімді басылымдардан мақалалар қойылды.

    Кітап көрмесіне қатысқан «Өркениет» медицина колледжінің  студенттеріне  Ө.Жәнібековке арналған «Ұлт рухының символы» атты көшпелі кітап көрмесіне библиографиялық шолу  жасалды.

12 қазан 2018 ж. 18:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: