Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 16 қазан күні «ЖҚТБ туралы не білесіз?» (Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) атты өзекті әңгіме сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты-АИТВ инфекциясы туралы хабардарлықты арттыру, денсаулығына деген жауапкершілікті және сақтық шараларын қалыптастыру.
Аталған шараға СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың дәрігер-әдіскері Ж.Қыстаубаева қатысып, қатерлі дерттің адам өміріне қоғамға зиянды әсері, індетің таралуы жайлы ақпарат беріп, салауатты өмір сүруге, спортпен айналысып, денсаулыққа зор мән беруге шақырды.
Шара соңында «Бүкіл әлемге тараған індет» атты кітап көрмесімен таныстырылды.