«Қоңыр үнді қаламгер»

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 19 қазан күні  жазушы, Халықаралық Жазушылар  одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Бегімбай Ұзақбаевтың  70 жылдық мерейтойына арналған «Қоңыр үнді қаламгер» атты шығармашылық кеш ұйымдастырды.

Шара мақсаты жастарға  жазушы, көрнекті қаламгер, тарих зерттеушісі Бегімбай Ұзақбаевтың  шығармашылығымен таныстыру,   кітаптарын насихаттау, туған өлкеміздің  белгілі тұлғаларын таныстыру.

    Көркемдік әлеміне шығармашылығымен сара жол салған Бегімбай Ұзақбайұлының  бүгінгі таңда  «Жалаңтөс баһадүр», «Қарабура», «Сопы әзиз пір», «Марал баба», «Сартай батыр», «Байқазақ», «Алдаспандар рухы»  тарихи романдарымен бірге  17 прозалық  кітабы, 21 әдеби көркем деректі повестері, 67 әңгімелер мен хикаялар және 27 ертегі  жарық көрген. Қаламгердің көптеген туындылары республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Еліміздің  дамып,  өркендеуіне, ел  ынтымағының  нығаюына   көркем шығармашылығымен  үлес  қосқаны  үшін  жазушы «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» медальдарымен және Халықаралық Жазушылар одағының «М.А.Шолохов» медалімен марапатталды. Арал және Қазалы аудандарының «Құрметті азаматы».

    Аталмыш шараға Шәріпов Жарылқасын, Пұсырманов Болатбек, Ыбырайымов Әбдіқадыр, ақын,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Есімсейітова Қаршыға, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары  Бекмағанбетов Шанжархан, Айтбаева Айман, «Кездесу» клубы мүшелері, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында жазушының өмір жолына арналған бейне-ролик көрсетіліп, шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара қонақтары Бегімбай Ұзақбаевтың  шығармаларының шұрайлы тілі, өзіндік жазу шеберлігі туралы өз пікірлерімен бөлісті, қаламгердің баға жетпес мол мұраларын  оқуға  шақырды.





 
19 қазан 2018 ж. 18:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: