KITAPKHANA.KZ
kz ru

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын онлайн-режимде талқылау

     2018 жылдың 23 қазан күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын  арттыру» атты Жолдауын облыс кітапханашылары онлайн-режимде талқылады.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  директоры Н.А.Мырзамұратова Жолдауда көрсетілген негізгі басымдықтарға тоқтала отырып, жүктелген тапсырмаларды орындау әрбір Қазақстан азаматының  міндеті екендігін, Елбасымыздың әр Жолдауы халықтың әлеуметтік ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жеткен жетістіктерімізді одан сайын еселей түсуге бағытталғандығын атап айтты.

    Жолдауды талқылауға Қызылорда қалалық орталық  кітапханасы, Қармақшы, Жалағаш аудандық орталық кітапханасы, Төменарық,Төретам, III-Интернационал, Мәдениет ауылдық онлайн кітапханасының қызметкерлері қатысып, өз пікірлерін білдірді. Елбасы Жолдауының өз ерекшелігіне тоқталып, елдің игілігіне бағытталған басты құжатта ел өміріне қатысты салмақты дүниелер мен әлеуметтік салаға қатысты маңызды жаңалықтар жария етілетіндігін тілге тиек етті. Елбасының әрбір Жолдауы – қазақстандықтардың жақсы тұрмысын ғана емес, алаңсыз болашағы туралы да айтылатынымен құнды екенін атап өтті.

      Облыс кітапханашылары Елбасының  Жолдауын бірауыздан қолдап,  жүзеге асыруға әрбір кітапханашы өз еңбегімен, өз қызметімен үлес қосатындарын білдірді.

 
23 қазан 2018 ж. 12:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x