«Мәңгілік елдің ертеңі»

    2018 жылдың 26 қазан  күні «Жауқазын – Ғұмыр» шығармашылық клубының ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің ертеңі» атты әдеби сайыс ұйымдастырылды.

    Мақсаты: студент-жастар арасынан әдебиетке, өлеңге, өнерге құштар таланттыларды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және дарынды жастардың шеберлігін шыңдау.

    Қатысушылардың өнері ойды анық жеткізе білу, тіл тазалығы-дикцияны сақтау, дауыс ырғағын интонациямен сөйлеу, аудиторияны баурап алу қасиеттері бойынша бағаланды.

   Әділқазылар шешімімен «Жүргізушілер» сайысында «Өркениет» медициналық колледжінің студеттері Нұрсұлтан Жақсылық және Айдана Боданова, «Мәнерлеп оқу» бойынша «Ұлағат» колледжінің студенті Жанарбек Бекарысов, «Әдеби көрініс»  бойынша «Ұлағат» колледжінің студенттері үздік деп танылды. Қызылорда көпсалалы және Абылай хан атындағы жоғары колледждерінің студенттеріде арнайы алғыс хаттармен марапатталды.





   
30 қазан 2018 ж. 12:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: