«Ұлттық теңге тарихынан» (слайд әңгіме)

      Қазақстан Республикасының  Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіз еліміздің төл валютасы – теңге айналымға енгізілді. Биыл Ұлттық валюта-теңгеге 25 жыл толып отыр.

     Осы орайда ұйымдастырылған шараның  мақсаты төл теңгенің  айналысқа  шығарылуы еліміздің тәуілсіздігін нығайту   жолындағы әлеуметтік экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті болған тарихи  қадам  екендігін  түсіндіру.

     Шара барысында Көпсалалы  «Ұлағат  Қызылорда» колледжінің арнайы  пән оқытушысы М.Сыздықова ұлттық валютаның тарихы мен қорғаныс элементтері,  қаржы нарығындағы жағдай, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі  туралы  мәліметтер берді. Слайд  көрсетілді.

     Сонымен қатар «Теңге – дербестік тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.



 
15 қараша 2018 ж. 18:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: