Оқу эстафетасына шақырамыз!

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының тұңғыш кітап болып басылып шыққанына 125 жыл толуына орай  оқу эстафетасын ұйымдастырып  отыр.

  Оқу эстафетасының мақсаты - кітап оқуды, оның ішінде  қазақ халқының эпостық жырларын насихаттау, қазақ халқының рухани  асыл мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру, халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын дәріптеу.

  Эпостық жыр-дастандар – қағазбен қатталмаған, жылнамасы жоқ  тарихымыздың ауызша жеткен сипаттамасы, ұлттық құндылығымыздың ауқымды  бір бөлігі. Бүгінгідей ақпарат ғасырында  бабалар аманаттап кеткен   жәдігердің әр жолы көздің қарашығындай сақтап, бойға  сіңіру қажет.

  Лиро-эпостық жырға деген құрметті арттыру үшін әлеуметтік желіде оқытудың әдіс-амалдарын пайдалана отырып, жырдан бірнеше шумағынан үзінді оқылып, бір-біріне жолдайтын болады.













 

15 қаңтар 2019 ж. 12:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: