«Агробизнес -2020»: ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктері

   Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, «2017-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы қайта қаралып, толықтырылып бекітілді.

   Қазіргі таңда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті – елімізді азық – түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету.

Осыған орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019  жылдың 26 қаңтар күні «Агробизнес -2020»: ауыл шаруашылығын  дамытудың  жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мақсаты: оқырмандарға кітапхана қорынындағы ауыл шаруашылығы, тыңайған жерлер, жайылымдар, кешенді мелиорация, құс шаруашылығы, мал өсіру, суармалы  егіншілік, мал азығын дайындау, ветеринария т.б бағыттағы кітаптарды насихаттау.


 
25 қаңтар 2019 ж. 17:42
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: