«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» (М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

2019 жылдың 12 акпан  күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен  ақиық ақын  М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған  «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» атты әдеби-сазды кеш  Ықсанов атындағы  Қызылорда  политехникалық колледжінде өтті.

Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту.

Қазақ поэзиясының марқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Кеш барысында жастар ақынның  сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, ақын сөзіне жазылған әндерді шарықтата шырқады. Сонымен қатар, ұлы ақынның өмірінен театрландырылған қойылым көрсетілді. Әдеби кеште экраннан ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері тыңдалып,  «Рухты қалам табанды талант»  атты кітап көрмесі таныстырылды.






 
13 ақпан 2019 ж. 10:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: