«Алаш қозғалысы – демократияның бастауы»2019 жылдың 14 ақпан күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бүкіл түркі әлемінің ұлы перзенті, жалынды публицист, тарихшы, заңгер-ғалым Мұстафа Шоқайдың туғанына 130 жыл толуына орай «Алаш қозғалысы – демократияның бастауы» атты тарихи кеш ұйымдастырды. Тарихи кештің мақсаты - Мұстафа Шоқайдың қайраткерлік болмысын, ұланғайыр мұрасын, ХХ ғасыр басындағы алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары туралы құнды деректерді зерделеудің маңызы зор екендігін жастарға жеткізу. Мәдени шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхияұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Әбілдаева Ғазиза және студент жастар қатысты. Кеш барысында Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне, ғылыми мұраларына тоқталып, өмірінің соңғы 20 жылдан астамын жат жерде өткізсе де халқының еркіндігін өзінің азаттығы деп білген, өз тағдырын ұлтының бақытынан іздеген тұлға болғандығы жайлы кеңінен баяндалды. Қатысушылар «Ұрпақ жадында жаңғырар есім» атты кітап көрмесімен танысты. |