«Әдеби жәдігерлер» сериясымен шыққан әдебиеттерді насихаттау (Кітаптың таныстырылымы)

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  2019 жылдың 27 ақпан күні Абылайхан атындағы колледжде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген «Әдеби жәдігерлер» сериясымен шыққан әдебиеттерді насихаттау шарасын ұйымдастырды.

Елімізде алғаш рет іске асырылып отырған «Әдеби жәдігерлер» сериясының басты мақсаты - халықтың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен әдеби жәдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі халықтарына ортақ ежелгі және орта ғасыр әдеби ескерткіштері мен ХV-ХІХ ғасырлардағы әдебиет шығармаларын неғұрлым толық жариялау.

     Шара барысында оқырмандар тарихи тұлғалардың өмірі мен бүкіл түркі халықтарына ортақ шығармалармен танысты. Жастар ежелгі түркі жазба ескерткіштеріндегі ұлт тарихын танып, елін, халқын сүюге, ұнамды әдет-ғұрыптарға, адами сыйластыққа, батырлық пен тапқырлыққа баулу тақырыбы аясында сөз қозғады. Қатысушылардың назарына «Әдеби жәдігерлер» атты  кітап көрмесі ұсынылды.




 
27 ақпан 2019 ж. 19:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: