«Үштілділік – болашаққа бейімделу баспалдағы» (кітап көрмесі)2019 жылдың 5 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында «Үштілділік – болашаққа бейімделу баспалдағы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақстанда үш тілде білім беру саясаты ең алғаш рет 2004 жылы Елбасымыз Н. Назарбаевтың идеясынан бастау алған. 2006 жылы Қазақстан ұлттарының ХІІ Ассамблея сессиясында «Үш тілді білу болашағымыз үшін қажет» десе, 2007 жылы Қазақстан Халқына Жолдауында Үш түғырлы тіл саясатын ендіруде: «қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі»- деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқан. Көрмеге И.А.Баймұратованың «Ағылшын тілі», «Аударманың өзекті мәселелері», «Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің деңгейлік тақырыптық лексикалық минимумы (үш тілде)», М.Ә.Жаңабекованың «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды-семантикалық өрісі», Ш.Құрманбайұлы «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі», «Функционально-прагматические парадигмы этнокультурных единиц в межязыковой и межкультурной коммуникации», Д.С.Храмченконың «Функциональная синергийность англоязычной иронической бизнес-риторики» әдебиеттері және баспасөз беттерінен алынған материалдар қойылды. |