«Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталады»

   2019 жылдың 6 наурыз  күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 8-наурыз  Халықаралық әйелдер күніне орай мейірімнің кәусәр бұлағы ананы құрметтеуге, аналардың шексіз еңбегін бағалауға, ата-аналарға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру мақсатында  «Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен  басталады»  атты  мерекелік кеш ұйымдастырылды.

АНА... Осы үш қана әріптен құралған  ұлы  сөзге  әлемдегі барлық жылулық, барлық пәк сезім, барлық бақыт пен махаббат, тіпті бүкіл жаһан сыйып кеткендей..
  Мейірімділік  пен  сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні шырқалған әндер асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында  болды.

  Шара барысында  қазақ тарихында елдің бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ғазиз аналарымыз бен ерлік жолында есе бермеген қайсар қыздарымыз, қазіргі қоғамымыздағы тәуелсіз еліміздің керегесін нығайтып, шаңырағын биік көтеруші - аналар туралы жазылған  кітаптар және мерзімді басылым беттеріндегі материалдардан «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,  библиографиялық шолу жасалды.





 
06 наурыз 2019 ж. 16:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: