«Мен - өз Отанымның патриотымын» /Әдеби оқу/2019 жылы 4 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Мен өз Отанымның патриотымын» атты әдеби оқу ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тарихын білуге тәрбиелеу; таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту, патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын азаматтарды тәрбиелеу. Ұлтымыздың тарихын білу, өз елінің өткен тарихын мақтаныш тұту - әрбір Қазақстан азаматының парызы. «Кітап әлемі адамды арман биігіне самғатады, ақыл – ой әлеміне шарлатады» демекші, М.Мәметова атындағы жоғарғы колледж және «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері оқыған кітаптарынан алған ойларын ортаға салып ой бөлісті. Кеш соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. |