«Салауатты өмір салты» / кітап көрмесі /Халқымыздың салауатты өмір салтын ұстануға, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге үндейтін міндеттер әрдайым өзінің өзектілігін жоймақ емес. Осы орайда 2019 жылдың 5 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторында «Салауатты өмір салты » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салауатты сөзінің негізгі мағынасы парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымдарды білдіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру 1998 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде қолға алына бастады. Өткенге көз жүгіртсек, қазақ халқы о баста-ақ салауатты өмір салтын ұстанған. Ата-бабамыз көшіп-қонып жүріп-ақ, бесікке баласын бөлеп, бес уақыт намазын үзбеген. Бұның өзі жеке бас гигиенасын сақтаудың бір жолы. Оған қоса Елбасының жыл сайынғы қазақстандықтарға арнаған жолдауында да халықтың денсаулығын қорғау мәселесіне айрықша мән беріліп, нақтылай тапсырмалар жүктелуде. Көрмеге денсаулық жайлы көптеген жаңа әдебиеттер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. |