«Ел ертеңі – білімді жастар!» (интеллектуалды сайыс)

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 13 наурыз күні оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, егемен Қазақстанның тарихын, әдебиеті мен мәдениетін зерделеу арқылы патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында «Ел ертеңі – білімді жастар!» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды.
      Сайысқа №3 С.Толыбеков атындағы  IT мектеп-лицейі мен №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған екі топ қатысты.
     Сайыс қатысушылары өздерінің білімділігі мен қызығушылығын танытып, көптеген сұрақтарға жауап алды. Шара соңында кітап көрмесі назарға ұсынылды.


 
13 наурыз 2019 ж. 18:34
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: