KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым...» Қобыз өнеріне арналған күй кеші

        Қобыз – қазақ халқының көнеден қалған музыкалық аспабы, ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, ғасырлар сырын жетелейтін қоңыр үнді киелі аспапты VIII-IX ғасырларда Қорқыт жасаған деседі.

         Қазіргі таңда қазақ халқының ұлттық аспабы қобыз күнін ерекше атап өту қажеттігі жөнінде жиі айтылып жүр. Осыған орай, 13 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер бөлімінде  «Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым...» атты күй кеші ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – қобыз аспабы мен оның шығу тарихын, түрлерін  жақын таныстыру, қобыз күйлерінің орындалу шеберлігін көрсету.

         Шараға қобызшы, өнер бөлімінің үйірме жетекшісі Канибетова Гүлмира, Қызылорда облыстық Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің қобызшысы Жұмаділдаева Қалдыгүл,  Амангелді ауылдық әуез мектебінің оқушысы Шілдебай Қалима қатысып, түрлі күйлер орындады. Әр күйдің шығу тарихын айтып, қызықты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар күй кешіне қаламыздағы арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен өнер сүйер жастар қатысты.   



 
13 наурыз 2019 ж. 18:47
0 қарау
Пікір
2
Сеитова Толкынай Серикбаевна 16 наурыз 2019 00:51
Жарайсыздар апайларым.Қалдыгүл апай,Гүлмира апай мен сіздерді жақсы көрем және еңбектеріңізді бағалаймын.Әр қазақтың қызы сіздердей ақ болсын.Мен сіздерге сенемін
Цитировать         

комментариев публикаций
Асем Камаловна 16 наурыз 2019 08:57
Қазағымнын көне аспабы қобызын дәріптеп, жас өркендерімізді қажымай үйретіп жүрген Қалдыгүл апай Сізге көп рахмет. Сізге бала күнімізден қарап қызығушы едік. Еңбегіңіз еленіп, шәкірттеріңіз көбейе берсін.
   Балапан Шілдебай Қалима биіктен көрін, сәттілік. Әрдайым өнерін қарап жүрем, өнерін өрге жүзсін. Өзімнің сүйікті ұстазым Шолпан апайымның немересі екенсің. Апай сияқты қадірлі жан бол. 
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x