Арал - Сыр бойының айбыны2017 жылы облыс әкімдігі мен Халықаралық Аралды құтқару Қорының ұйымдастыруымен өткен тұрақты даму форумында Халықаралық Аралды құтқару Қорының құрылған күні 26 наурызды – «Арал теңізінің күні» ретінде атап өту туралы шешім қабылданған болатын. Осы айтулы күнге орай 20 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Арал - Сыр бойының айбыны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Арал теңізінің экологиялық және әлеуметтік- экономикалық жағдайы туралы кеңірек ақпараттандыру, жастардың экология мәдениетін қалыптастыруға ықпал жасау. Көрмеге Арал теңізі мен оның төңірегінің экологиялық ахуалы, теңіздің тартылу себептері, тарихы, экологиялық жағдайы туралы кітаптар мен мерзімді басылым материалдары қойылды. |