«Газет – халықтың көзі, һәм құлағы» облыстық «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы С.Биқожаевамен бейресми кездесуі

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 29 наурыз күні «Дидар» ақпараттық клубының кезекті отырысында «Газет – халықтың көзі, һәм құлағы» тақырыбында облыстық «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы С.Биқожаевамен бейресми кездесу өткізді.

  Шара барысында «Ақмешіт ақшамы» газетінің қалыптасу тарихына тоқталып, журналист мамандығына келуі, осы мамандықтың құдіретін сезінген сәті, шығармашылық жолындағы ұстаздары туралы қызықты сәттерімен, тың мәліметтерімен бөлісті.

  Шараға «Болашақ» университетінің «Журналистика» факультетінің студенттері, «Дидар» ақпараттық клубының мүшелері және кітапхана оқырмандары қатысты.




 

29 наурыз 2019 ж. 18:37
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: