KITAPKHANA.KZ
kz ru

«ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ» АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    Бүгін көшпелі көрменің салтанатты ашылуына дейін Әмірхан Мұратбекұлы облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемұлымен Ә.Тәжібаев атындағы кітапхананы аралады. Елбасы кітапханасының директоры балаларға Елбасы кітапханасының қызметін түсіндіріп, оларды жұмыс бағыттарымен қысқаша таныстырды. Кездесу соңында Елбасы кітапханасының атынан кітаптар топтамасын тарту етті.

     Сондай-ақ, салтанатты ашылудан кейін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облысының ғылыми әмбебап кітапханасында аймақтық кәсіби сессия ұйымдастырылды. Шара кітапхана, мұрағат, музей салаларының мамандары және мемлекеттік қызметшілеріне арналды. Сондай-ақ, сессия оpen space үлгісінде өтті.

    "Бүгінгі жиынға архив, музей, және кітапхана қызметкерлері келіп отыр. Нағыз халықпен, жастармен тікелей қарым-қатынаста күнделікті жұмыс істейтін Сіздер",-деді облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы М.Рахымжанова.

Сесияның негізгі мақсаты – қоғамдық сананы жаңғырту аясында мәдени мұраны зерттеу мен насихаттау саласы бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ кітапхана, архив, музей қызметтеріндегі ақпараттық технологияларды дамыту мәселелерін талқылау болып табылады.

      "Кездесуіміздің тақырыбы - Елбасы кәітапханасының ақпараттық ресурстары. Бүгін сіздер біздің қордағы ақпараттарға қарай отырып, өздеріңіздің музей, архив, кітапхана қорларыңызда қандай байлықтарыңыз бар, оны қалай пайдаланасыздар және алдарыңызға қандай сұрақтар қою керек деген мақсатпен алдарыңызға келіп отырмыз", - деді Елбасы кітапханасы директорының орынбасары к.Ақтаева.

     Сессия қатысушыларының назарына Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің зерттеу жұмыстары мен нәтижелері ұсынылды. Олар «Бір жәдігердің тарихы», «Музей коллекциялары» жобасын қамтитын «Музей жинақтары» ғылыми-қор музейтану бағдарламасы аясында әзірленді.





 
08 сәуір 2019 ж. 16:32
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x