KITAPKHANA.KZ
kz ru

Жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері Қ.Мұхамеджановтың «Жат елде» пьесасына талдау жасалынды.

        Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында  10   сәуір  күні  заманымыздың  заңғар  жазушысы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері  Қ.Мұхамеджановтың   «Жат  елде»  пьесасына  талдау      жасалынды. 

         Қ.Мұхамеджановтың  қалам  қарымын  өзгеше  қырынан  көрсеткен  тағы  бір  талантты  туындысы – «Жат  елде». Драма  1964  жылы  Жазушылар  одағындағы  қырғын  талқылаудан  кейін  Ғабит  Мүсіреповтың  зор  беделі  арқасында  үлкен  сахнаға  жолдама  алып, 1966 жылы  Әуезов  театрында  қойылды. Шығарма  қай   тұрғыдан  қарасақ та,  қазақ  драматургиясының  кемелденген  кеңістігін  айқын  көрсететін  айтулы  асу, айтулы  белес  болып  табылады.

          Мысалдап, мысқылдап,  әсірелеп, астарлап  жазудың  асқан  шебері  саналатын  Қ.Мұхамеджанов  бұл  шығармасында  сол  кездегі  жазуды  қойып, айтуға  тыйым  салынған  біраз  ақиқатты  жеткізе  білген. Бастысы, пьесада  Мұстафа  Шоқайдың  аты  аталады.  Шығарманың   тағы  бір  ерекшелігі, онда  Қазақ  елінің  егемендігі  туралы  идеяның  көрініс  бергендігі. Бір  қарағанда, «Жат  елденің»  кейіпкерлері  туған  Отанынан  жырақтап  қалған  бейшара   жандар  болуы  мүмкін, бірақ  олардың  көпшілігінің  арманы – Қазақстанның  тәуелсіз  ел  болуын  көру.            

          Іс-шараның  мақсаты – жастарға қазақ  әдебиетінің  үздік  шығармаларын  насихаттау,  таныстыру.  Отан  мен  туған  жердің адамдар  өмірінде  қандай  зор  роль  атқаратынын  нақты  әрі  шынайы  көркемдікпен, ешқандай  дидактикасыз  айқын  көрсету, патриоттық  сезімге  тәрбиелеу. 

         Мәдени  шараға    Қорқыт Ата  атындағы  мемлекеттік  университеттің    оқытушыcы   Қ.Құдайбергенов, Қызылорда  аграрлық  жоғары  колледжінің  студенттері мен  оқытушысы Г.Мінажадинова  қатысты.



 

10 сәуір 2019 ж. 16:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x