«Жыр – менің планетам» (поэтикалық батл)Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 18 сәуір күні Абылайхан атындағы колледжде «Жыр – менің планетам» атты поэтикалық батл ұйымдастырды. Поэзияның құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу, жастар арасында кітап оқуды ілгерілету мақсатында өткізілген шарада оқырмандар қазақ поэзиясының көрнекті тұлғаларының өлеңдерін жарыса оқыды. Сонымен қатар қатысушылар өздері шығарған өлеңдерін оқып, поэтикалық батл қызықты өтті. Кеш қонағы колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухар Мамутова аталған шараның жастардың сөйлеу мәдениетіне, көркем ойлау шеберлігіне тигізетін ықпалын атап өтті. |
Гости15
Роботы31
Список пользователей
bpatrickswifty801
Был(a) в сети 2 часа назад
akbota
Был(a) в сети 5 часов назад
bolgupittay517
Был(a) в сети 13 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ