«Ұлы Дала жаңғырығы» (онлайн айтыс)

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кitap FEST-2019» шарасы аясында Семей қалалық кітапханасымен бірлесіп «Ұлы дала жаңғырығы» атты онлайн айтыс ұйымдастырды.

   Дүлдүлдер сөз сайысына «Жастар жылы» басты арқау болды. Сыр өңірінің үмітін арқалаған ақындар - Бексұлтан Орынбасаров, Динар Рахман, Бекзат Серіков, Бақдәулет Әбілдаев бақ сынады. Жас ақындар қайымдасып, құлмамбет айтысымен елдің жетістігін өткір тілмен айшықтай жеткізді. Сөз жүйріктері маңызды тақырыптарға ойысып, ел-жер тағдырына байланысты өз пікірлерін білдіріп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Қазылар алқасының шешімімен өнерпаздар тең түсті.

  Әділ қазылар алқасының төрағасы - ақын, Қазақстан  Жазушылар Одағының мүшесі Ерғожа Тілепбердіұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі - Алмахан Мұхаметқалиқызы, ақын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты – Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы Нұр-Сұлтан қаласынан онлайн айтысқа төрелік жасады.



 

25 сәуір 2019 ж. 10:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: