Бұл әндер майдан даласында шырқалған... Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған концерт-көрме

        6 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының залында Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Бұл әндер майдан даласында шырқалған» атты концерт-көрме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - Отан үшін жанын қиған ата бабалар ерлігін ұлықтау. Жастарды елін, жерін құрметтеуге үйрету және оларға патриоттық тәрбие беру.

        Концерттік бағдарлама барысында М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледж және Болашақ медициналық колледж студенттері  Отан, туған жер, соғыс және бейбітшілік тақырыбына арналған әндер шырқады. Майдан даласында жауынгерлерді жігерлендіріп, рух берген танымал әндер орындалды. Сол жылдарда туған өлеңдер мен әндердің орны бөлек. Әсіресе, елге, туған жерге, отбасына деген сағыныш сазы әуелеген лирикалық әндер ерекше ықыласқа ие болды. 

       Орындалған әндердің барлығы өскелең ұрпақ бойынан патриоттық сезімдерді қалыптастырып, рух беруді мақсат тұтты.  Осы тақырыпқа слайд көрсетіліп, «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі мен соғыс кезіндегі жауынгер киімдері қойылған композиция дайындалды. 




 
06 мамыр 2019 ж. 17:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: