«Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар» (4 маусым- КР Мемлекеттік рәміздері күні)

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арнап  «Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар» атты  кеш ұйымдастырды.

    Шараға М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжінің  студенттері қатысты.

   Колледж оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасының  әнұранын орындады. Мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихын, атрибуттардың мәні мен ролі  және  Отанымыздың  әрбір азаматы мемлекетік рәміздерді  білуі және құрметтеуі тиіс жайлы айтылды.

   Кітапхана қызметкерлері мерекеге дайындалған флаерлер мен лифлеттер таратып, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.





 
 
05 маусым 2019 ж. 11:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: