4 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім – мақтанышым» атты ақпараттық-танымдық сағат ұйымдастырылды.
Оқушылардың отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және дұрыс қолдануға бейімдеу, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен шараға Т.Есетов атындағы №264 мектеп лицейінің «Жас Ұлан» күндізгі тынығу лагерлерінде демалушы балалар қатысты.
Шара барысында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына терең тоқталып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар «Мемлекеттік рәміздер –ұлттың айшыкты таңбасы» атты кітап көрмесімен таныстырылды.