Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі

  2019 жылдың 18 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кітапханаға жаңадан келіп түскен әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрмеге «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген А.Шульц, С.Э. Шульц «Қазіргі психология тарихы», «Тіл біліміне кіріспе», К.Швабтың «Төртінші индустриялық революция», «Антропология тарихы мен теориясы», Д.Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы», Ю.Хараридің «Адамзаттың қысқаша тарихы», С.Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында Е.Шоқай, С.Пәрменқұлдың «Отырар алқабындағы қасиетті орындар», З.Құламанованың «Тастағы тараз тарихы», Қ.Тұрсынқұловтың «Басында Қазығұрттың кеме қалған», Б.Ахметбектің «Сыр ескерткіштері» және «Туған жерге тағзым» саласы аясында ономаст-ғалым Б. Бияровтың «Алтай. Алтын бесік» атты кітап-альбомдары қойылып, оқырмандарға таныстырылды.



 
18 маусым 2019 ж. 18:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: