«Абайды оқы, таңырқа»


         Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 12 шілде күні қазақ халқының ұлы ағартушы ақыны, философ, қазақ әдебиетінің классика үлгісінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайды оқы, таңырқа» атты шара ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау, оқырмандар бойында адамгершілік қасиеттер мен патриоттық және ұлттық тәрбие, этникалық-мәдени құндылықтарды қалыптастыру, жастар арасында көркем әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылықты арттыру.

Шараға қатысушылар ұлы ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, өлеңдеріне талдау жасады. Сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Абайды оқы,таңырқа»  атты кітап көрмесімен танысты.




 
12 шілде 2019 ж. 19:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: