«Кемеңгерліктің биік шыңы-Абай »

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Кемеңгерліктің биік шыңы-Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Өлмейтұғын артында сөз қалдырған Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды  Абай - лебі, Абай -  үні, ана тынысы, заман тынысы, халық үні. 

      Көрменің мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл - мұраларын насихаттау. Көрмеге кітапханамыздың сирек кітаптар қорындағы Абайдың Қызылордадан латын тілінде жарық көрген «Толық шығармалар жинағы»(1933), Шығармалар жинағы, 1 том (1939ж.), 2 том (1940), М.Әуезовтың «Абай жолы» романының электронды кітабы, сондай-ақ:  «Өлең-сөздің патшасы», екі томдық шығармалар жинағы: Өлеңдер мен аудармалары,  «Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер» кітабы, екі тілдегі «Қара сөз = Книга слов», «Қалың елім қазағым», С.Оразалиновтың үш тілде жарық көрген « Абай елі = На земле Абая = On the Land of Abaі», Д.Досжанның « Абай айнасы», Қ.Өмірәлиевтің     «Абай афоризмі», «Жүрегімнің түбіне терең бойла: (Абай туралы естеліктері), т.б. көптеген кітаптар қойылды.

Халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани, асыл қазынасы - Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасымен танысуға шақырамыз!
 

31 шілде 2019 ж. 18:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: