KITAPKHANA.KZ
kz ru

Танысыңыз, жаңа әдебиеттер!

       Тамыздың 1-2 жұлдызы аралығында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Танысыңыз, жаңа әдебиеттер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

       Кітап көрмесін ұйымдастырудағы басты мақсат-оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну.

      Көрмеге кітап қорына 2019 жылдың алты айлығында келіп түскен оқулықтар, көркем әдебиеттер, анықтамалықтар қойылды. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шығып жатқан Ю.Н.Хараридің «Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»,Стивен р.Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», А.Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы», Э.Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологиясына кіріспе», Д.Шульцтың «Қазіргі психология тарихы», Д.Бринкерхофтың «Әлеуметтану негіздері», Д.Ф.Куратконың «Кәсіпкерлік теория, процесс, практика», С.Г.Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», В.Фромкиннің «Тіл біліміне кіріспе»,К.Швабтың «Төртінші индустриялық революция», К.Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны», Л.Э.Пектің «Медиатека», Д.Джонстонтың «Философияның қысқаша тарихы» оқулықтары қойылды..Бір ерекшелігі,  бұл кітаптардың барлығы да ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған.  Сондай-ақ, Ә.Бөкейханның екі тілде шыққан 15 томдық «Шығармалар жинағы», М.Ғабдулин еңбектерінің он бір томдық жинағы», Ж.Ерманның 5 томдық «Шығармалар жинағы», Е.Омарұлының «Үш томдық шығармалар жинағы»,Т.Абайұлының, А.Мамытүлының, Қ.Басымұлының «Шығармалар жинақтары, зерттеулер мен мақалалар кітаптары,т.б.әдебиеттер көрменің сәнін айшықтандыра түсті.  Жыл басынан бері кітапхана қорына 1667 дана кітап келіп түсті.Кітапханамыз «Жеті жарғы», «Атамұра», «Елорда», «Фолиант», т.б. ірі отандық баспалармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Көрмеге әр саладан жалпы саны 122 дана жаңа кітаптар қойылды.

 
 

31 шілде 2019 ж. 19:54
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x