Қаржылық сауаттылық клубы аясында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 8-9 тамыз күндері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Кәсіпкер болам десеңіз...» атты семинар- тренинг ұйымдастырылды.
Мақсаты: заман талабына сай жастардың қаржылық сауатын ашып, бизнес саласындағы білімдерін жетілдіру, кәсіпті қалай ашып жетілдіру керектігі жөнінде пайдалы кеңестер беру.
Шара барысында қатысушылар бизнес- тренер М.Қасымжанқызына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, бизнес - жоспарды қалай тиянақты әзірлеу керек, бастапқы капитал қорын құру жайында тың ақпараттар алды.