«Ең көп оқитын отбасы»

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 13 қыркүйек  күні Қазақстан  Республикасының отбасы күніне арналған «Ең  көп оқитын отбасы» атты сұхбат - сайыс өткізілді.

   Отбасылық сайысқа Зимовец, Жукович, Новичков  және Хан отбасылары қатысты. Отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру  мақсатында ұйымдастырылған шара төрт кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар өз отбастарын таныстырып,  оқыған  қызықты кітаптары бойынша қойылым қойып, жарнамалады. Сонымен қатар «Эрудит» интеллектуалдық, «Менің армандаған үйім» атты сайыс ұйымдастырылды. Шара барысында  барлық отбасы командалары белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсетті.

   Сайыс соңында Хан отбасы «Ең көп оқитын отбасы», Зимовец «Ең ерекше отбасы»,  Жукович «Ең шығармашыл отбасы», Новичковтар  «Ең интеллектуалды отбасы» номинацияларына ие болды.









 
13 қыркүйек 2019 ж. 18:04
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: