Қазақстанның киелі жерлері

   2019 жылдың 26 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Тұңғыш Президент – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын кеңінен насихаттау мақсатында шара ұйымдастырды.

  Шараға Қазақстан Республикасының «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» академигі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты Ахметбек Бақытжан Мұхарамұлы, Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі КММ мекемесінің ғылыми қызметкері Елеуов Еркебұлан Алдабергенұлы, Қызылорда облысы Әділет департаментінің «Зияткерлік меншік құқықтары» бөлімінің қызметкері Бекхожа Сапура Әнтайқызы, облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторының орынбасары Мақажан Гүлбану, облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Жұмадинова Гүлдана қатысып, рухани құндылықтарды қайта қалыптастыру, ерекше қастерлі жерлерімізді, мәдени мұра және сәулетті ескерткіштер мен кесенелер, сондай-ақ Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар жайлы пікірлерімен бөлісті.




 
26 қыркүйек 2019 ж. 17:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: