2019 жылдың 27 қыркүйек күні Қазақстанның белгілі саяси және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына арналған «Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Мақсаты: Сұлтанбек Қожановтың өмір жолы мен қызметін насихаттау.
Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов – саяси және мемлекет қайраткері, Қазақстанның дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым, редактор. Оның есімі біздер үшін ерекше маңызды және барлық қазақстандықтардың мақтанышы деуге болады, ал оның өмірі мен қызметі келер ұрпақ үшін Отанға қызмет етудің үздік үлгісі ретінде тарихи-танымдық кештің негізгі тақырыбына айналды.
Іс – шараға Қожанов ұрпағы Сексенәлі Раханов, Мұхаметжан Нұрханов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих кафедрасының оқытушысы, профессор, тарих ғылымының кандидаты Аңсатова Меруерт Нағметқызы, С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейіінің тарих пәнінің мұғалімі Есимов Аманғали, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, оқытушылар, «Кездесу» клубының мүшелері, студенттер және кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеш барысында «Қазақтың қайсар ұлы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.