«Тар жол тайғақ кешу» романына талдау

    27 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  жазушы, қоғам қайраткері С. Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай  «Тар жол, тайғақ кешу» романына талдау жасалды. Жас ұрпақтың  тарихи танымын кеңейте отырып, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа,  адамгершілікке,  елін сүюге тәрбиелеу  мақсатында өткізілген мәдени шараға отырған І. Қабылов атындағы №12 IT-мектеп – лицейдің оқушылары және  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  қатысты.

   Шара барысында оқушылар  жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат алды.  Еліміздегі  1916-1919 жылғы тарихи оқиғалар желісіне құрылған,  қазақ халқының патшаға қарсы күресін шыншылдықпен суреттейтін  көркем шығармаға оқырмандардың қызығушылығы жоғары болды.   Оқушылар «Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы»  атты кітап көрмесіндегі жазушының шығармаларымен  танысты.





 
27 қыркүйек 2019 ж. 17:43
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: