KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам!» атты тақырыптық кеш

   Әлемдегі бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан мемлекетімізде дамудың бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру міндеті тұрғаны белгілі.

   Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 25 қазан күні «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам!» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды. Мақсаты жемқорлық мағынасын түсіндіру, жемқорлықтың белең алуына жол бермеу жайлы кеңінен ақпарат беру.

   Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құқықтану кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Жүсіпбекова Мадина Койшыбайқызы, құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, Алтаев Ерлан Амангелдіұлы, Ұлағат колледжінің жастар комитетінің төрағасы Өткелбаев Бексұлтан Еркінбекұлы қатысып, бүгінгі күні өзекті болып отырған тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, қоғамның барлық күш- жігерін біріктіріп, жемқорлықты одан әрі ушықтырмау үшін барлық амалдарды қолдану қажеттігін атап өтті.


 

25 қазан 2019 ж. 18:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x