KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Латын әліпбиі – келешек кепілі»

    7 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу және латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында – «Латын әліпбиі – келешек кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Латын тіліне көшу – бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, көпшіліктің ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.

  Көрмеге  Ж.Нұсқабайұлының «Ортақ әліппе: Өздігінен үйренушілерге арналған қазақ-латын әліпбиімен сауат ашу құралы», М.Алтайдың «Латын негізіндегі Қазақ әліпбиі», Ө.Айтбайұлының «Тілтірек. Ой-толғамдар, мақалалар», Ә.Жүнісбектің «Төл әліпби – төл жазу мәселелері», Ә.Қайдардың «Тіл-ғұмыр: Ғылыми мақалалар жинағы», «Латын әліпбиіне көшу: ғылыми-тәжірибелік негіздер, даму процесі және басты мәселелер», М.Шайдаровтың «Анықтамалық сөздік» кітаптары оқырмандардың назарына ұсынылды.



 
08 қараша 2019 ж. 16:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x