«Алып тұлғаның әдеби мұрасы» (Б.Майлиннің 125 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш)

   2019  жылдың  8 қараша  күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  қазақ  әдебиетінің классигі, жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына  арналған  «Алып тұлғаның  әдеби мұрасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.   Шараның мақсаты қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет  Майлиннің өмірі мен шығармашылығын оқырман қауымға кеңінен таныстыру.

  Шара барысында атақты «Шұғаның белгісі» повесінің үзіндісіне «Өркениет» медицина колледжінің студенттері қойылым  қойды және Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің студенттері ақынға арнау оқып, қаламгердің шығармашылығы мен озық туындыларының ерекшеліктеріне тоқталып ой бөлісті.

   «Көркем сөздің хас шебері»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 


 
08 қараша 2019 ж. 17:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: