«Креатив-территория» жобасы аясында 19 қараша күні бейнелеу үйірмесінің қатысушыларына «Суретшімен бірге саламыз» айдарымен шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – бейнелеу өнерінің техникасымен таныстыру, балалар мен жастардың эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған әлемді қабылдау қабілетін арттыру және қол моторикасы мен икемділігін дамыту.
Шеберлік сабағын Астана жастар суретшілер одағының мүшесі суретші Бақытжан Мәншүк жүргізіп отырды. Шара барысында ол болашақ суретшілерге затты қабылдау, оның формаларына мән беру, түстерді айқындау сияқты бейнелеу өнерінің техникасын түсіндіріп отырды. Үйірме оқушылары суретшінің әр айтқан әдістерін тыңдай отырып өз шеберліктерін шыңдауға тырысты. Шара соңында бейнелеу өнерінің майталмандарымен осындай шеберлік сабақтарын жиі ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтылды.