«Парасат» әдеби-шығармашылық кеш

    2019 жылдың 26 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы Ж.М.Ақжановпен кездесу ұйымдастырылды.

    Жан Мұхарабұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Жазушылыққа бала кезінен зейін қойған. Жан мырза итальян, малай, ағылшын, тай, орыс, қазақ тілдерін жетік меңгерген азамат. Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача», «Степь и судьба», «Аспаннан құлаған тастар» сияқты кітаптардың авторы.  Оның жемқорлыққа қарсы көркем шығармашылық бағыттағы шығармаларында әлеуметтік бағыттағы тақырыптар, әр азаматтың басынан өтетін өмірлік жағдайлар терең қозғалған.

    Сонымен бірге Жан Мұхарабұлы жастарды рухани-мәдени даналықты көркем әдебиет оқу арқылы бойларына дарытуды насихаттап жүрген жандардың бірі.

  Кездесу барысында Жан Мұхарабұлы мен студенттер сұрақ, жауап алмасты. Кездесу соңында кітапхана директоры Н.А. Мырзамуратова жазушы жұмысына табыс тілеп, алғысын білдірді.





 
26 қараша 2019 ж. 16:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: