KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Бейнелеу өнерінің шебері»

     Қазақстан Республикасының Халық суретшісі Гүлфайрус Ысмаилова Мансұрқызының туғанына 90 жыл толуына орай «Бейнелеу өнерінің шебері» атты көрме дайындалды.  Көрменің мақсаты – кітапхана оқырмандарына жалпы сурет өнері жайында, сонымен қатар қылқалам шебері Гүлфайрус Ысмаилованың өмірі мен шығармашылығы жайында толық мәлімет беру.

       Г.Ысмайылованың  портреттік  және көркем сурет туындыларының саны 100-ден асып жығылады. Ол «Алитет уходит в горы» туындысында Тыгренаның, «Ботагөз» фильміндегі бас кейіпкердің, «Қыз Жібектегі» Тананың бейнесін сомдауға ат салысты. Өз ісінің майталманы «Құрмет белгісі», Халықтар достығы, «Парасат» ордендерімен, өнерге қосқан сүбелі үлесі үшін «Тарлан» сыйлығымен марапатталған.

       Көрмеге қылқалам шеберінің өміріне, шығармашылығына қатысты, сонымен қатар ол туралы естеліктер айтылған әдебиеттер және бірнеше туындыларының көшірмелері қойылды.



 
10 желтоксан 2019 ж. 19:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x