KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Ұшқыннан» «Егемен Қазақстанға» дейін

   Тарихы бір ғасырлық, шежірелі  «Egemen Qazaqstan»  газетінің ел тарихында алатын орны мен оның маңызын оқырмандар мен жас ұрпаққа жеткізу мақсатында 2019 жылдың 11 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Егемен Қазақстан» газетіне 100  жыл» тақырыбында  дөңгелек  үстел ұйымдастырылды.

  Сонау ғасыр басында, яғни 1919 жылғы желтоқсан айында Орынбор қаласында алғашқы саны жарық көрген «Ұшқын» газеті де ел арманын ту етті.

  «Ұшқын» газеті әр жылдары заман ағымына қарай «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан», «Егеменді Қазақстан», «Егемен Қазақстан» атанып, оқырманға қызмет етіп келеді.

Кезінде газетке басшылық жасағандар қатарында ұлтымыздың дара перзенттері, белгілі мемлекет қайраткерлері, көрнекті қаламгерлер Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұловтар  басылымды дамыту, беделін арттыру жолында өз үлестерін қосты.

  Аталмыш шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Құдайбергенов Қазыбай, «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Жетпісбаев Мұрат, «Ақмешіт апталығы» газетінің бас  редакторы Үмбет Әділжан, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Шынар Бекпан қатысып, тағылымы мен тәлімі зор өнегелі мектеп, ғибраты мол қасиетті қарашаңыраққа айналған басылымға шығармашылық табыстар тіледі.



 

11 желтоксан 2019 ж. 18:39
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x