«Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты»2019 жылдың 13 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана аванзалында қазақ хандығы тұсындағы тарихи кезеңдерден бастап, тәуелсіз елдің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындылары қойылды. Көрме 4 бөлімнен тұрады: «Қазақ мемлекетінің дамуы: дәуір, оқиғалар, тұлғалар» – бөлімінде ежелден еркіндікті аңсаған, еліміздің тарихын баяндайтын қазақ хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейін еліне қорған болған хандар мен батырлардың өмірі және алаш қайраткерлерінің саяси күресін баяндайтын «Ұлы дала мемлекеттері», «Ұлы дала тарихы», Сәйден Жолдасбайұлының «Ежелгі және Орта ғасырдағы Қазақ елінің тарихы», Мәмбет Қойгелдиевтің «Қазақ елі: ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы күресі», Әнес Сарайдың «Бес мейрам», Зияда Ижановтың «Жаралы жылдар», Жамбыл Артықбаевтың «Абылай хан», Өмірзақ Озғанбайдың «Тарихи тұлғалар тағылымы», «Ұлы даланың ұлы қыздары», «Билер сөзі» атты әдебиеттер қойылды. «Мәңгілік ел – Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптастыру тарихы» – атты бөлімде Тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз тарихын, жарқын сәттерін баяндайтын, тұғырын биік ұстаған Қазақстан 28 жыл ішіндегі жетістіктерді мақтан ететін, мақсаты мен мүддесін айқындайтын «Мәңгілік ел – Қазақстан», «Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы», Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері», «Мәңгілік ел», «Тәуелсіздік дәуірі», Манаш Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік», Әбдіжәлел Бәкірдің «Тәуелсіздік тағдыры», Шериздан Елеукеновтың «Тәуелсіздік биігінен», Сәбит Досановтың «Тәуелсіздік толғауы» атты әдебиеттер қойылды. «Тәуелсіздік және халық мұрасы» – бұл бөлімде Тәуелсіздіктің көк туын желбіреткен азатты елдің төл әдебиетін насихаттаған, тәуелсіздік жылдарында жарық көрген «Тәуелсіздік және халық мұрасы», «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет», «Жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздік сарындары», Темірхан Тебегеновтың «Тәуелсіздік дәуіріндегі жаңа қазақ әдебиеті», Шериздан Елеукеновтың «Әдебиет – Тәуелсіздік қаруы», Марат Тоқашбаевтың «Тәуелсіздік тынысы», «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ романындағы Тәуелсіздік идеясы» атты кітаптары қойылды. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» – Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы, жаңа жаһандық нақты ахуалы, халықаралық қатынастағы саяси ролі, өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алып, жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие, ынтымақтастық жолындағы атқарылып отырған саяси маңызы бар, көпшіліктің назарын аударатын бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналған ел тірегі болған жаңа астанасына айналған Елорданың көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси тарихын баяндайтын әдебиеттер қойылды. |