«Алып анадан туады»Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 4 ақпан күні Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург, қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбділда Тәжібаевтың анасы ақын Айманкүл Тәжібаева туралы танымдық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты ақын Айманкүл анамыздың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Айманкүл Тәжібаева 7 жасынан бастап ауыл молдасынан хат танып, парсы, шағатай тілдерінде жазылған дастандарды жатқа біліп, қазақ ауыз әдебиетін жетік білген. Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жариялана бастаған. Отан соғысы жылдарындағы жырлары «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің», т.б. шығармалары ақындардың жалпы жинақтарына еніп, «Ана дауысы» (1948), «Ана сыры» (1955) деген атпен жеке кітап болып басылды. Шара барысында Айманкүл ақынның өмірінен бейнеролик көрсетіліп, ақынның өміріне қатысты ақпарат берілді. Сонымен қатар ақын шығармашылығынан өлеңдер оқылды. |