KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Үш тұғырлы тіл – заман талабы»

  Үш тұғырлы тілді меңгеру – заман талабы. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін білу жастарға әлемдік нарықтың, ғылым мен жаңа технологиялардың кілтін ашады, этникалық, қазақ және әлемдік мәдениеттермен танысуға негізделген сындарлы ынтымақтастықтың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға жағдай жасайды.

   25 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты - үштұғырлы тіл саясатын насихаттау.

    Кітап  көрмесінде Н.Черниховскаяның «Разговорный английский без проблем», Г.Амандықованың «Лексикология английского языка», С.Железнованың «История английского языка», «Баршаға арналған қазақ тілі», Ш.Құрманбайұлының «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі», С.Мейрамованың «Английский язык», «Ағылшын тілі практикумы» сияқты әдебиеттермен қатар,қазіргі заман талабына сай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген оқулықтар мен тіл саясатынан хабардар ететін мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, басылымдар қойылды.



 

25 ақпан 2020 ж. 19:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x